1 наурыз- Алғыс айту күні
Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Тұнғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілейміз!